Жыл басынан бері 800-ден астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

0
380

1 ақпандағы жағдай бойынша 877 адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бастап республикаға барлығы 1 млн 71,2 мың этникалық қазақ оралды. Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (65,9%) Өзбекстаннан, 19,3% ҚХР-дан, 6,3% Түркіменстаннан, 4,2% Моңғолиядан және 4,3% басқа елдерден келгендер болып табылады, деп хабарлады ЕХӘҚМ баспасөз қызметі. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (40,9%), Маңғыстау (12,5%) және Түркістан (6%) облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан (6%) және Шымкент (16,9%) қалаларында қоныстанды. 1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылардың саны 58,7%, еңбекке қабілетті жасқа жетпегендері 21,4% және зейнеткерлер 19,8% құрайды.

24.kz