«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АЛҒЫС ЖАУҒАН КҮН…

 

Елімізде 1 наурыз — «Алғыс айту күні» болып 2016 жылдан бастап атап өтіледі. Алайда, қазақ халқы ертеден кез келген игі іске, жақсы нәрсеге алғыс айтуды әдетке айналдырған дана халық. Алғыс айту арқылы адамдар бір-біріне қуаныш сыйлайды. Кезкелген мұңайып тұрған адам бұл сөзді ести сала, көңілі жібиді, жадырап шыға келеді. Осындай мерейлі күні мұғалжарлық тұрғындар өздеріне жақын, жақсылық көрген адамдарына алғыстарын жаудырды…

НұрияТәжіғарина, Ембі қаласының тұрғыны

— 1 наурыз — Алғыс айту күніне орай, өзімнің және отбасымның атынан Ембі қалалық ауруханасының  учаскелік дәрігері Нұргүл Сағидановаға, учаскелік медбикелеріміз Гүлнұр Бисеналинаға, Самал Шоқпытоваға, Альбина Дюсуковаға шын ниетіммен үлкен алғысымызды білдіргім келеді. Қарамағындағы жергілікті халықтың жағдайын бақылауда ұстап, үлкеннің де кішінің де жүрегінен жол тауып, алғысқа бөленіп, батамызды алып келеді. Әр уақытта байланыс ұстап, денсаулығы, емі туралы хабар алып, тіпті дәрілеріміз келсе, өзі әкеліп, қызметтерін абыроймен атқарып жүрген абзал жандарымыз аман болғай. Абыройларыңыз асқақтап, еңбектеріңіз жана берсін, отбасыларыңыз аман болып, бақытты ғұмыр кешулеріңізді тілеймін!

Ұқсас ақпараттар

Қазақстан бойынша «Олимп» букмекерлік кеңсесінің лицензиясы тоқтатылды

admin_mugalzhar

Қазақстанда Испания мен Франция елдеріндегі тәрізді көтерме нарықтар құрылады

admin_mugalzhar

Қар жауып, бұрқасын болады: Алдағы күндері Қазақстанда ауа-райы күрт бұзылады

admin_mugalzhar