“Nur Otan” белсенділері марапатталды

0
497

 

“Nur Otan” партиясы аудандық филиалында сайлау науқаны кезінде партияның бағыты айқын бағдарламаларын жан-жақты насихаттап, жеңіске жетуіне үлес қосқан белсенділер мен еріктілер марапатталды.

Санитарлық талапқа сай өткізілген отырысқа арнайы келген “Jas Otan” ЖҚ Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Әнуар Искарин қатысып, саяси науқан кезінде бір кісідей нәтижелі жұмыс атқарған барлық белсенді жастарға ризашылығын жеткізіп, партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің Алғыс хатын табыстады. Өз кезегінде сөз алған “Nur Otan” партиясы Мұғалжар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбаса ры Көмекбай Бектұрғанов бүгінде ауданның дамуы жолында тер төгіп жүрген мұғалжарлықтардың сайлау науқанында атқарған еңбегі ерекше екенін айтып, белсенді 15 адамға “Nur Otan” партиясы Мұғалжар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының Алғыс хатын және “Nur Otan” партиясының құрамына қабылданған жастарға мүшелік куәліктерін табыстады. Сонымен қатар “Nur Otan” партиясы Саяси менеджмент мектебінде “Саяси коммуникациялар” тақырыбында онлайн оқуды тәмамдаған 59 адамға сертификаттар тапсырды. “Үздік бастауыш партия ұйымы” республикалық байқауының ІІ орын жүлдегері “Талдысай” мен ІІІ орын жүлдегері “Жаңажол” БПҰ-ы “Nur Otan” партиясы облыстық филиалының бірінші орынбасары Ербол Данағұловтың Дипломымен марапатталды.

Н.ІЗТҰРҒАНҚЫЗЫ