«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Бас санитар Наурыз мейрамы қарсаңында сақтық шараларын ұмытпауға шақырды

Бұл туралы бүгін Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында елдегі эпидемиологиялық жағдай бойынша өткен онлайн брифинг барысында Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов айтты.

Республикада коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жалғасуда. Бүгінгі таңда бірінші компонентпен 83 839 адам егілді. 22 ақпаннан бастап екінші компонентпен егу басталды, онымен бүгінге дейін 19 312 адам егілді, қолайсыз көріністер тіркелген жоқ, — деді Қиясов.

Айта кету керек, республика бойынша 58 863 медицина қызметкері, 13 744 педагог, күш құрылымдарының 4 094 қызметкері, 1 010 учаскелік полиция қызметкері және медициналық-әлеуметтік мекемелердің 393 персоналы мен контингенті і құрауышта вакцинацияланды.

Вакцинация барлық өңірде жүргізіліп жатыр, 628 егу пункті ашылды, қазіргі уақытта олардың 451-і іске қосылған, барлығы суық тізбекті қамтамасыз ету үшін қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген.  Наурыз айының соңына қарай «Спутник V» вакцинасының 150 000 дозасы келіп түседі деп күтілуде, ол өңірлер бойынша 2021 жылғы 1 сәуірге дейін бөлінетін болады. Созылмалы аурулары бар диспансерлік есепте тұрған адамдарды, 65 жастан асқан адамдарды, медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен персоналын және студенттерді вакцинациялауды бастау жоспарлануда, — деді ол.

Ерлан Қиясов қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтай келе, коронавирустық инфекцияның алдын-алу шараларын, әлеуметтік қашықтықты, маска режимін сақтау қажет екенін еске салды.

Халыққа, бизнес өкілдеріне елдегі жағдайға барынша жауапкершілікпен қарап, өзінің де инфекция жұқтырып алмау, өзгелерге де зияны тиіп кетпеу жағын баса айтқым келеді. Мүмкіндігінше, барлығымызға бірдей белгіленген карантин шаралары мен қарапайым алдын алу ережелерін орындау қажет. КВИ-дің отбасы мүшелеріне қауіп төндіретінін ұмытпаңыз,- деді ол.

BAQ.KZ

 

Ұқсас ақпараттар

«TALPYN» ЖОБАСЫ – ЕМБІДЕ

admin_mugalzhar

ОБЛЫСТЫҢ ҮЗДІК ВОЛОНТЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

admin_mugalzhar

Бүгін – Қазақстан Республикасы Конституциясы күні

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.