Токио Олимпиадасының алауы тұтанды

0
261

Жапонияда Олимпиада алауының эстафетасын бастау рәсімі басталды. Бұл туралы NHK телеарнасы хабарлады.

Токио Олимпиада алауының эстафетасы Фукусима префектурасында 2011 жылғы жойқын жер сілкінісі мен цунамиден кейін елдің қайта туылуының символы ретінде таңдалған J-Village футбол жаттығу орталығында басталды.

Былтыр әлем қиын жағдайға тап болды. Инфекцияның таралуына байланысты ойындар кейінге шегерілді. Алайда, барлық қиындықтарға қарамастан, Олимпиада алауы тұтанды. Мен осы күнді күттім. Шие гүлі бүршік жарады, біз қараңғылықтан шығып, жарық сәуле сияқты үміт жолын жалғап, 23 шілдеде ұлттық стадионға жетеміз, – деді Токио ойындарын ұйымдастыру комитетінің төрағасы Сейко Хашимото.

Эстафетаның алғашқы қатысушысы Жапония ұлттық құрамасында 2006-2016 жылдар аралығында ойнаған футболшы Азуса Ивашимизу болды.

Эстафета жаңа коронавирустың таралуын болдырмау шараларын жүзеге асыру аясында өтіп жатқанын атап өткен жөн. Әр жүгірушіні қауіпсіз қашықтықта ойындарды ұйымдастыру комитетінің он шақты қызметкері алып жүреді.

Олимпиада алауының эстафетасы Жапонияның барлық 47 префектурасы бойынша өтеді. 2020 жылғы Олимпиада ойындары 23 шілдеде ашылу салтанатына дейін жалғасып, Токиоға әкелінеді. Алау эстафета 121 күнге созылып, 100 провинция мен 47 префектураны басып өтеді.