«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖҰМЫССЫЗ ЖАНДАРҒА ОҚУ КУРСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Мұғалжар аудандық Жұмыспен қамту орталығы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында осы жылдың 9 наурызынан бастап қысқа мерзімді кәсіптік
курстарына оқыту науқаны басталғанын хабарлады.

— «Еңбек» бағдарламасының І бағытының мақсаты – техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз ету. Дәл осындай бағыт бойынша 2020 жылы 70 жұмыссыз азаматтарды оқуға қабылдасақ, биылғы 2021 жылғы жоспар бойынша 85 жұмыссызға кәсіптік білім беруді көздеп отырмыз. Оларды «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының комиссия отырысынан өтіп, құжатқа енгізілген оқу орталықтары оқытады. Жалпы Қандыағаш қаласы бойынша 3 оқыту орталықтары бар. Біреуі – Мұғалжар гуманитарлық-техникалық колледжі болса, екеуі жеке кәсіпкердің оқу орталықтары. Оқыту барысы ер адамдар мен әйелдерге бөлек жүргізіледі және мамандықтарға қарай әртүрлі бағытта оқытылады. Мәселен ер адамдарға электр жабдықтарының маманы, дәнекерлеуші қызметтері бойынша, әйел адамдар аспазшы, тігінші, шаштаразшы мен сән саласының мамандықтарына 1 айдан 3 айға дейін оқи алады. Егер 3 айға дейін ауылдық округтерден келіп оқитын адамдар болса, жолақысы мен тұрғылықты мекенжайына тиісті қаражат және шәкіртақымен қамтамасыз етіледі. Оқуға қабылдауға төлқұжаты мен дипломының көшірмесі, медициналық тексерістен өткені туралы құжаттар қабылданады. Жұмыссыз азаматтар болғандықтан медициналық тексеріске кеткен қаржы мөлшерін есепшоттарына аударамыз. Оқуға ниетті жұмыссыз жан болса, орталыққа келіп, барлық керекті ақпараттарын алуға шақырамыз, — дейді жұмыспен қамту орталығының маманы Назгүл Әбілғазина.

А.АЛТЫБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

АЗЫҚ-ТҮЛІК: КӘСІПКЕРЛЕР МЕМОРАНДУМҒА ОТЫРУДА

admin_mugalzhar

ОНЛАЙН-БРИФИНГ ӨТТІ

admin_mugalzhar

Ақтөбеде 1 және 3 жасар сәбилерден коронавирус анықталды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.