«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Биыл 2,6 млн ауыл тұрғыны медициналық көмек алады – Алексей Цой

Биыл 2,6 млн ауыл тұрғыны медициналық көмек алады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«19 сәуірдегі жағдай бойынша еліміздегі стационарларда 14 147 науқас ем алуда. Оның ішінде 775 адам немесе 5 пайызы реанимацияда ауыр және өте ауыр жағдайда жатыр. Жағдайы ауыр науқастардың 32 пайызы Алматы қаласының, 13 пайызы Нұр-Сұлтан қаласының, 6 пайызы Алматы облысының тұрғындары», — деді министр. Оның атап өтуінше, 2021 жылы жылжымалы медициналық кешені еліміздің 2 мыңнан астам шалғайда орналасқан елді мекендерін аралайтын болады. Осы іс-шараның арқасында 2,6 млн тұрғын медициналық көмекпен қамтылатындығы жоспарланған. «Ауыл тұрғындары үшін вакцинацияның қолжетімділігін арттыру мақсатында вакцина салу жылжымалы медициналық кешендерді қолдану арқылы ұйымдастырылатын болады», — деді Алексей Цой.

 

 

Ұқсас ақпараттар

АЛҚА ТАҚҚАН АСЫЛ ЖАН

admin_mugalzhar

Ауыл мектептеріндегі білім сапасын арттыратын жоба іске қосылды

admin_mugalzhar

АУДАН БЮДЖЕТІ ҚАРАЛДЫ

admin_mugalzhar