«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Елімізде жаттықтырушы-оқытушылардың жалақысы 2 есе артады

Елімізде жаттықтырушы-оқытушылардың жалақысы 2 есе артады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Министрлік әрбір ауылдық округтегі штаттағы спорт нұсқаушыларының санын ұлғайту және олардың санын 2025 жылы 3 561 адамға дейін жеткізу бойынша шаралар қабылдайды. Мектептерде спорт секцияларын ұйымдастыру және жүргізу үшін дене шынықтыру мұғалімдеріне базалық лауазымдық жалақыдан 100 пайыз мөлшерінде қосымша ақы белгілеу көзделген», — деді министр үкімет отырысында. Сондай-ақ ол жаттықтырушы-оқытушылардың жалақысы 2 есе артатынын айтты. «Қабылданып жатқан іс-шаралардың нәтижесінде 2025 жылы ауылдық елді мекен тұрғындарының 42 пайызын дене шынықтыру және спортпен қамту жоспарланған», — деді Ақтоты Райымқұлова.

Ұқсас ақпараттар

Анар Даржанова: Проблемам бизнеса пристальное внимание

admin_mugalzhar

Биыл ЭКО жасатуға қанша квота бөлінгені белгілі болды

admin_mugalzhar

ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАМҚОР БОЛҒАН САЯСАТ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.