Билл Гейтс болашақта тағы бір пандемияға дайын болуға шақырды

0
127

Майкрософт негізін қалаушысы және бұрынғы басшысы Билл Гейтс әлем болашақ пандемияға дайын болу керек деп ескертті, – деп хабарлайды LADbible.

Гейтс адамзат СOVID-19 пандемиясынан алған тәжірибесіне байланысты болашақта әлдеқайда ақылды болуы керек деп санайды.

“Бізде қазір қауіпсіздік сезімі бар. Ол – жалған. Бұл мәселе алдағы он жылда болады деп ойламаймыз, сондықтан оған ақша салудың қажеті жоқ деп есептейміз”, – деді миллиардер.

Ол COVID-19 пандемиясы инвестициялардың маңыздылығын көрсеткенін айтты. Сондай-ақ, мұндай оқиғаларға дайындықтың маңыздылығын ескеріп, індет өте күрделі проблемаға айналуы мүмкін екенін айтты.

“Егер алдағы бірнеше онжылдықта бір нәрсе 10 миллионнан аса адамды өлтіретін болса, ол соғыс емес, жұқпалы вирус болуы мүмкін. Зымырандар емес, микробтар”, – деді Гейтс.

Оның айтуынша, биологиялық қауіп-қатерге келгенде, жеделдету керек. Келесі пандемия 20 жылдан кейін пайда болса, адамзатқа ол үлкен мүмкіндік, дейді Гейтс.

Бұған дейін Билл Гейтс коронавирус пандемиясына қатысты жаңа болжам жасап, пандемияны тоқтатудың жолын жариялаған еді. Алайда ол коронавирусты жеңгеннен кейін адамзатқа басқа қауіптер төнуі мүмкін екенін айтты.