«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕЛЕК АУЫЛЫНА ГАЗ ТАРТЫЛУДА

Ақкемер ауылдық округіне қарасты Елек ауылына газ тарту жұмыстары басталды. Газ тарту жұмыстарын «Асу-К» ЖШС-і жүргізуде. 600-ге жуық тұрғыны бар Елек ауылында 106 үй бар. Республикалық тас жолдың бойында орналасқан елді-мекеннің əлеуметтік-экономикалық дамуы жылдан-жылға жақсарып келеді. 2019 жылы қыркүйек айында Елек негізгі мектебі пайдалануға берілсе, 2020 жылдың желтоқсан айында су жүйесі іске қосылды. Биыл газ тарту жұмыстары қолға алынды.
Ілкімді жобалардың жүзеге асуы — мемлекеттік қолдаудың нәтижесі.
Жылдың аяғына дейін газ тарту жұмыстары аяқталып, ауылдағы мектеп, медициналық пункт, балабақша, жеке тұрғын үйлер газбен қамтылатын болады.

Ұқсас ақпараттар

АУДАН БЮДЖЕТІ ҚАРАЛДЫ

admin_mugalzhar

КҮН ТӘРТІБІНДЕ: БАЛАБАҚША АШУ

admin_mugalzhar

Премьер-министр оқушылардың «ауыр сөмке» мәселесін шешуді тапсырды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.