«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«ЭТНОТЕРАПИЯ» ТРЕНИНГ-ЖОБАСЫ ӨТТІ

Ақтөбе қаласында «Қазіргі әлемдегі этно-фольклорлық өнер» және «Мәдениет саласындағы менеджмент» тақырыбында
облыстық семинар-тренинг өтті. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткізілген шараға барлық аудандарда мәдениет саласының қызметкерлері қатысты. Аталған шараға Мұғалжар ауданынан 38 мәдениет қызметкері қатысып, түрлі ақпараттар мен
қызықты мәліметтерге куә болды. «Этнотерапия» тренинг-жобасына барған кітапханашылар тарихи тың деректермен танысып, ерекше әсер алды. Семинар-тренинг барысында кітапхана саласының мамандары Алия Салкимбаева, Гүлназ Абиева, Мирамгүл Мақамбетова, Амангүл Қарашбаева, Ақылайым Тілек, Клара Есмұханова, Эльза Сматуллаева, Орынгүл Қалбекова, Эльмира Мұхамбеткалиевалар сертификаттармен марапатталды.
А.ДАРХАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ — ҚОҒАМ ДЕРТІ

admin_mugalzhar

29 қазан — Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

admin_mugalzhar

КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫ ҮЗДІК АТАНДЫ

admin_mugalzhar