«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Қандыағаш қаласында көктемгі су тасқыны кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Су тасқынына қарсы іс-шараларға 3 су сорғыш көлік, 3 арнаулы техника (погрузчик), 2 экскаватор және 8 мотопомпа жұмылдырылды.
Бұдан өзге сенбіліктер ұйымдастырылып, қала аумағындағы мұз қатып қалған суағарлар арнайы ППУ автокөлігімен (передвижная паровая устанвка) тазартылды.
Су тасқынының алдын алу мақсатында ауылдық округ әкімдіктері де қапшықтарға құм толтырып, қауіпті аймақтардың су арналарын қауіпсіз бағыттарға бұрып, алдын алу шараларын жүргізуде.
Жалпы аудан бойынша көктемгі мезгілде еріген қар суынан туындайтын су тасқынының алдын алу жұмыстары бойынша арнайы штаб құрылып, белгіленген қауіпті аймақтарда тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сақтық шаралары және су тасқынына қарсы жұмыстар үзіліссіз жүргізілетін болады.
Тұрғындар тарапынан бұл бағытта қандайда бір мәселе туындайтын болса аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Мақсат Рятовқа байланыс телефоны 87777604729, аудан әкімдігінің бас инспекторы Арман Үсенбаевқа байланыс телефоны 87027430429, Қандыағаш қаласы әкімінің орынбасары Қанат Мусинге байланыс телефоны 87022696454 хабарласуларыңызға болады.

Ұқсас ақпараттар

ТЕМІРЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК

admin_mugalzhar

Елордада 13 баланы бауырына басқан әкенің жаңа кітабы жарық көрді

admin_mugalzhar

«ТАРЫ-FEST — 2023»: ІІ ОРЫН – МҰҒАЛЖАРДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.