«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АРДАГЕР ҰСТАЗ «МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАНДЫ

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қандыағаш қалалық #4 орта мектебінде Қамалхан Қуановқа «Мұғалжар ауданының Құрметті азаматы» атағын беру салтанаты өтті.
Қамалхан Қуанов — «ҚР Білім беру саласының үздігі», «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, ұлағатты ұстаз, Тәуелсіздіктің төл құрдасы-#4 орта мектебінің негізін қалаушылардың бірі, мектептің алғаш тізгінін ұстаған басшы болған. Салтанатты жиынға аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, білім беру саласының қызметкерлері қатысты. Шарада аудан әкімі Асқар Шериязданов ардагерге «Құрметті азамат» атағын табыстап, жылы лебізін жеткізді. Жиын барысында білім ошағының 30 жылдық мерейтойы қарсаңында осы мектепте Қамалхан Қуанұлының атына физика кабинетін ашу және Құрмет тақтасын ұйымдастыру шаралары жоспарланып, іске асырылатыны айтылды. Басқосу барысында Қамалхан Қуанұлы сөз сөйлеп, барлық жиналған қауымға өз алғысын білдіріп, батасын берді.

Ұқсас ақпараттар

Италиялық ғалымдар коронавирустың күшін толық жоюға қабілетті вакцина ойлап тапты

admin_mugalzhar

Бас санитар Наурыз мейрамы қарсаңында сақтық шараларын ұмытпауға шақырды

admin_mugalzhar

18 наурызда еліміздің тоғыз өңірінде дауылды ескерту жарияланды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.