«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбе облысында экономиканың өскені байқалады

ОКҚ-де Ақтөбе облысының 2021 жылдың бес айы ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы баспасөз мәслихаты өтті.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Президенттің экономикалық өсімді қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын жақсарту бойынша тапсырмаларының жүзеге асырылуы жайында баяндады.

Оның сөзінше, жыл басынан бері экономика өсімінің қарқыны кезең-кезеңімен қалпына келтіріліп жатқаны байқалады.  Ағымдағы жылдың бес айының қорытындысы бойынша барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің оң динамикасы қамтамасыз етілген. Атап айтқанда, өнеркәсіп өндірісінің көлемі жоғары қарқынмен өсті – 108,1%, соның ішінде өңдеу өнеркәсібі – 112,1%, тау-кен өнеркәсібі – 105,9%. Ауыл шаруашылығы өсімінің қарқыны – 102,1%, құрылыс – 101,3%, тұрғын үйді пайдалануға беру – 106,5%, инвестиция – 109,6% құрады.

“Маңызды инвестицияларды тарту осындай қиын кезеңде біздің өңірдің дамуына қосымша серпін береді. Осы бағытта қолайлы инвестициялық жағдай жасаудың белсенді жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, 2021 жылдың бес айы ішінде 206 млрд теңге инвестиция тартылды. Жыл соңына дейін Энергетика, мұнай өңдеу, азық-түлік өнеркәсібі, цифрландыру және т.б. салаларындағы құны 126 млрд.​ теңге тұратын
31 инвестициялық жобаны мыңдаған жұмыс орындарын құра отыра енгізу жоспарланып отыр”,- деді О.Оразалин.

Анағұрлым ірілеу инвестициялық жобалардың қатарында құны 36 млрд теңге тұратын «Arm Wind» ЖШС жел электр стансасы, құны 15 млрд. теңге тұратын «ЭкоТехПрогресс» ЖШС-нің зиянды мұнай қалдықтарды қайта өңдеу, құны 13,8 млрд. теңге тұратын мәліметтерді өңдеу орталығы және т.б. бар.

Ауыл шаруашылығы да Ақтөбе облысы экономикасының маңызды саласы болып табылады. Осы жылдың бес айы ішінде өңірде​ 85 млрд.​ теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда ірі қара мал басы 7%, ұсақ мал 1%, жылқы 24% өсті.

“Өңірдің бұл бағытта әлеуеті үлкен. Келешекте ауыл шаруашылығы саласы облыстың экономикалық өсімінің негізгі драйверіне айналады. Биыл ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттен шамамен 22,6 млрд теңгедей субсидия бөлінді. Бұған қоса, “Еңбек” бағдарламасы бойынша 745 жобаны жүзеге асыру үшін 3,3 млрд теңге қарастырылған”,- деді О.Оразалин.

Шағын және орта бизнес саласында да дамудың оң динамикасы байқалады. ШОБ-тің экономикадағы үлесі бүгінде шамамен 24% құрайды, жұмыс істеп жатқан субъектілердің саны бес айдың қорытындысы бойынша өткен жылмен салыстырғанда 63 мыңды құрап, 5,1% өскен.

“Жыл қорытындысы бойынша ШОБ-тің экономикадағы үлесін 25%-ға дейін көбейтуді жоспарлап отырмыз. Бизнеске көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдауды да атап өтпеске болмайды. Бүгінде мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы механизмдері ШОБ-тің 1200-ден астам жобасын қамтыды, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 8 есе көбірек”,- деді облыс әкімі.

Оның сөзінше жыл соңына дейін 3,3 мың ШОБ субъектісін мемлекеттік қолдау шараларымен қамту жоспарда бар.

Ұқсас ақпараттар

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ ТАРАТЫЛЫП, ЕҢБЕК МОБИЛЬДІ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

admin_mugalzhar

«АҚТӨБЕ — ҚАНДЫАҒАШ» ТАСЖОЛЫҚАРАША АЙЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

admin_mugalzhar

Бас прокуратура «судьялар мен прокурорлардың» видеосына қатысты пікір білдірді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.