«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ШӨП ШАБУ НАУҚАНЫ ҚАРҚЫНДЫ

ТҰРМЫСЫ ТӨРТТҮЛІКПЕН ТҮЛЕГЕН ҚАЗАҚ ҮШІН ҚАШАНДА ҚЫСҚЫ МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАУ МАҢЫЗДЫ ШАРУАЛАРДЫҢ БІРІ. СОЛ СЕБЕПТІ ДЕ «ҚЫСТЫҢ ҚАМЫН ЖАЗДА ОЙЛА» ДЕГЕН МӘТЕЛ ДЕ БЕКЕР АЙТЫЛМАСА КЕРЕК. БҮГІНДЕ АУДАН АУМАҒЫНДАҒЫ ШАРУАЛАР ШӨП ШАБУ НАУҚАНЫН БАСТАП КЕТТІ.

Аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің мамандары биыл аудан бойынша шабындық жерлердегі шөптің түсімі төмен екенін айтады. Ауданның 150 000 гектардан астам шабындық жерден 166 300 тонна шөп шабылған. Ал жоспар бойынша 265 900 тонна шөп дайындалуы керек болған. Қазіргі таңда шөп дайындау науқанында 95 бригада жұмыс жасауда. 335 шөп дайындау техникалары, оның ішінде 185 трактор, 150 көп шабатын құрылғылар жұмылдырылған. Мал шаруашылығына қарай бетбұрыс жасаған шаруа қожалықтары да шөп дайындауға білек сыбанып кірісіп кетті. Осы уақытқа Еңбек ауылдық округінің шаруалары 2480 тонна шөп жинаған. Ауыл әкімі Аманбай Каюпов алдағы уақытта ауыл тұрғындарын да шөппен қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстардың жүргізілетінін жеткізді. Ал Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі Әлімжан Андакулов округ аумағында биылғы шөптің түсімі орташа екенін жеткізді. Бүгінде 22 шаруа қожалығы қысқы мал азығын дайындауда.

Құмжарған ауылдық округінің әкімі Серғали Мамытов округ бойынша 4105 бас ірі қара, 7808 қой-ешкі, 1292 бас жылқы барын, оларды қысқы мал азығымен қамтамасыз ету үшін 67 мың центнер шөп қажет екенін, бүгінде шаруа қожалықтары мен жұмысшылары шабу жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатқанын айтты. Сонымен бірге ауылдамал ұстайтын 300 үйдің 120-сына қажетті шөптің түсірілгенін мәлімдеді. Батпақкөл және Ақкемер ауылдық округінің шаруалары шабындық жерлердің шөбін түгелдей шауып алған. Бүгінде тасып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көршілес Маңғыстау облысына ауданнан 2600 тең (тюг), 700 рулон шөп жіберілген. Аудандық ауылшаруашылығының басшысы Бауыржан Жолмағамбетов аталған көмекке аудан тұрғындары да белсенді атсалысып жатқанын айтты. Осы уақытқа дейін «Байқар» және «Жоламан» шаруа қожалықтарының иелері өз көмектерін көрсеткен. Айтуынша, алдағы уақытта биылғы шабылған шөптен «Қасай» ШҚ-ы 100 рулон, «Арман-М» ШҚ-ы 100 рулон, «Ислам» ШҚ-ы 50 рулон шөпті тегін беруді жоспарлап отыр.

Н.КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

Хубей провинциясында коронавирустан қаза тапқандардың саны 100-ге жетті

admin_mugalzhar

600-ГЕ ЖУЫҚ ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНДЫ

admin_mugalzhar

ВЕТЕРАНЫ, МЫ ВАС ПОМНИМ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.