«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Түтінсіз темекіге тәуелділер саны артып барады

Темекінің зияндылығына қатысты аудандық санитарлық дәрігерлер Қандыағаш тұрғындары арасында семинар өткізді, деп хабарлайды «Мұғалжар» газеті.

Шараға медицина қызметкерлері және қала тұрғындары қатысты.

«Снюс» түтінсіз темекінің денсаулыққа зияны туралы жетекші маман Л. Калбанова баяндама жасады.

«Снюс өте қауіпті, ол әдеттегі темекіден 7-10 есе улы және өте тез никотин тәуелділігін тудырады. Оның никотин мөлшері темекінің құрамына қарағанда бірнеше есе көп және бұл бала организмі үшін өте қауіпті»,- деді ол.

Сондай-ақ, санитарлық дәрігерлер Р. Иржан мен Ә. Исабай қызылша, күл ауруларынын алдын-алу және екпе жұмыстары жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарға жадынама парақшалар таратты.

Басылымның хабарлауынша, түтінсіз темекіге тыйым салынса да, бүгінде жастар арасында белең алып, тәуелділердің саны артқан.

А. Дарханқызы

Ұқсас ақпараттар

Сағат 16.00-дегі жағдай: Сайлаушылардың 62,34 пайызы дауыс берді

admin_mugalzhar

Зейнеткерді құтқарам деп күйіп қалған жігітке Ақтөбе тұрғыны пәтер сыйлады

admin_mugalzhar

Қаза тапқан полицейлер мен әскери қызметкерлердің бала-шағасы университетте тегін оқиды

admin_mugalzhar