АУДАН АУМАҒЫНДА ЕРТЕ КӨШПЕНДІЛЕРДІҢ ҚОРЫМЫ ТАБЫЛДЫ

0
569

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНАН КЕЛГЕН АРХЕОЛОГТАР БАТПАҚКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ ҚАРАСТЫ ЖАҒАБҰЛАҚ АУЫЛЫНЫҢ МАҢЫНДАҒЫ ЖЕМ ӨЗЕНІНІҢ СОЛ ЖАҚ ЖАҒАЛАУЫНДА ЕСКІ ҚОРЫМДАРДАҒЫ ҮЙІЛГЕН ТОПЫРАҚТАРДЫ АШЫП, ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН БАСТАДЫ.

Қазба жұмыстарына жауапты Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының ғылыми қызметкері Аслан Мамедов зерттеу жұмыстарының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыс әкімдігінің бастамасымен қолға алынып жат-қанын жеткізді.

– Бүгінгі таңда 20 адамнан құрылған зерттеу тобы үлкен зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Қабірлерді ашып, табылған дүниелерді зерттеп жатыр. Бұл жер біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықтың ортасына тиесілі ерте көшпенділердің қорымы болып саналады. Әзірге қазылған орындардан 3 адамның сүйегі, сол заманға тиесілі ыдыс-аяқтар мен зергерлік бұйымдардың, құрбандық шалатын тас ыдыстың сынықтары табылды, – дейді Аслан Мамедов.

Н.ІЗТҰРҒАНҚЫЗЫ