«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Токио Олимпиадасында Қамшыбек Қоңқабаев бокстан қола жүлдеге ие болды

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасының финалына шыға алмады.

Отандасымыз финалға берілетін жолдама үшін америкалық боксшы Ричард Торрезбен жұдырықтасты. Аса тартысты өткен жекпе-жектің бірінші раундында америкалық былғары қолғап шеберінің басымдығы байқалды. Екінші раундта Қамшыбек Қоңқабаев алға ұмтылып, қарсыласына біраз соққы дарытты. Алайда соңғы сәтте өзі нокдаун алып қалды. Үшінші раундта Қамшыбектің жарақат алып қалуына байланысты кездесу тоқтатылды. Жеңіс Ричард Торрезге берілді. Осылайша, аса ауыр салмақта ел намысын қорғаған Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.

Ұқсас ақпараттар

Кымбат Кожина: «Спасибо за возможность реализовать себя»

admin_mugalzhar

Тарихи сәт: Данияр Елеусінов әлем чемпионы атанды

admin_mugalzhar

ОЛИМПИАДАҒА ЖОЛДАМА АЛҒАН МЕЙРАМБЕККЕ АВТОКӨЛІК СЫЙЛАДЫ

admin_mugalzhar