«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ФУТБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТУДЕ

25 қазан — Республика күні мерекесіне орай Қандыағаш қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің және Мұғалжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бірлесіп ұйымдастыруымен футболдан 2013-2014 ж.т.жасөспірімдер арасында облыстық ашық турнир басталды.

Екі күнге созылатын турнирге Алға, Әйтеке би, Темір және Мұғалжар аудандарынан келген 8 команда қатысуда.

Турнирдің ашылу салтанатына Мұғалжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Талғар Абдірзақ, спорт мектебінің директоры Талғат Жуманбетов қатысып қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

Турнирдің қорытындысы бойынша жеңімпаз бен жүлдегер атанған командалар кубоктармен, медальдармен және дипломдармен марапатталатын болады.

Ұқсас ақпараттар

Жол көлік оқиғасы көбейіп кетті

admin_mugalzhar

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

admin_mugalzhar

Тағы бір өңір «қызыл» аймаққа өтті

admin_mugalzhar