«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

18 жастағы жігіт дүние жүзін ұшақпен шарлап, рекорд орнатты

Ұлыбританияның 18 жастағы тұрғыны Травис Лудлоу бір моторлы ұшақпен дүние жүзіне саяхаттап, әлемдік рекорд орнатты. Бұл туралы BBC News жазады, — деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Людлоу — енді жер шарын 44 күнде айналып өткен ең жас ұшқыш. Алдыңғы рекордшы одан 13 күн үлкен болған. Ұлыбританиялық ұшақпен 40 мың шақырымнан аса жол жүріп, саяхатын Нидерландыда аяқтады.

Жас жігіт әуе кемесін басқаруға күн сайын сегіз сағат жұмсап, тәулігіне бір жарым мың шақырымға дейін тоқтаусыз жүрген. Людлоудың жетістігі Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Басылымның мәліметінше, рекордшы 13 елде — Нидерланды, Польша, Ресей, АҚШ, Канада, Гренландия, Исландия, Ұлыбритания, Ирландия, Испания, Марокко, Франция және Бельгияда тоқтаған.

Ұқсас ақпараттар

Жапония 100 жастан асқан қарттар саны бойынша рекорд орнатты

admin_mugalzhar

Жастықты ұзартатын 10 өнім аталды

admin_mugalzhar

Хабарлама

admin_mugalzhar