«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жапония 100 жастан асқан қарттар саны бойынша рекорд орнатты

Жапонияда қарттар саны бойынша рекорд орнатты. Елде 65 жастан асқан 36,4 миллион адам тұрады. Ол жалпы халық санының 29,1 пайызын құрайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Japan Daily News басылымына сілтеме жасап.

Жапонияның ішкі істер және коммуникациялар министрлігінің мәліметінше, әлемдегі ең қарт халқы көп елде 65 жастан асқан адамдардың саны рекордтық көрсеткіш – 36,4 миллион адамды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 220 мыңға адамға көп.

Министрлік мәліметінше, 65 жастан асқан жапон ерлерінің саны – 15,83 миллионды, ал әйелдерінің саны – 20,57 миллионды құрайды.

Бұл ел тарихындағы және әлемдегі ең жоғары көрсеткіш саналады. Қарттар саны бойынша екінші орынды – Италия (жалпы халқының 23,6 пайызы 65 жастан асқан), үшінші орында – Португалия (халқының 23,1 пайызын 65-тен асқандар).

Ал елде 80 жастан асқан адамдардың саны 12,06 миллион адамды құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 460 мың адамға артық. Ал 90 жастан асқан қарттар саны 25,9 миллион адамға жеткен. Сондай-ақ, 100 жастан асқан жапондар алғаш рет 80 мың адамнан асып отыр.

Ұлттық демографиялық зерттеулер және әлеуметтік қамсыздандыру институтының болжамына сәйкес, Жапонияда қарт адамдар 2025 жылы халықтың 30 пайызын және 2040 жылы 35,3 пайызын құрайтын болады.

Ұқсас ақпараттар

Күніне екі рет ұйықтау – адамзатқа тән құбылыс

admin_mugalzhar

Балаға ерте жастан ақша жинауды үйрету әдістері

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қ. Жұбанов атындағы ауылдық округінің әкімі қызметіне үміткерлердің сайлауалды бағдарламалары

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.