«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

35445 АДАМ ВАКЦИНА АЛСА, 18350 АДАМ РЕВАКЦИНАДАН ӨТТІ

Аудан бойынша 35445 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алған. Ал оның 34595-і 2-ші компонентімен егілген. Ревакцинациядан 18350 адам өтсе, 1691 адам қайта ревакцинация жасатқан. Бұл туралы ауданның санитариялық мамандары хабарлады.

«Коронавирусқа қарсы екпенің екі компонентін салдырған адамдардың барлығы ревакцинациялауға жатады. Сонымен қатар, ҚР Бас Мемлекеттік Санитариялық дәрігерінің 2022 жылдың 13 қаңтарындағы №2 қаулысына сәйкес  коронавирусқа қарсы ревакцинация  алғашқы вакцинация курсы толық аяқталғаннан кейін 6 айдан соң жүргізіледі. Вакцинация коронавирустық инфекцияның алдын-алудың ең тиімді әдісі болып табылады, ревакцинация иммунитетті арттырады«, — деді аудандық санитариялық эпидемиологиялық басқармасының басшысы Ерлан Мұратов.

Оның айтуынша, қолды үнемі тазалау, әлеуметтік қашықтықты сақтау, адамдар көп жиналатын жерлерде бетперде тағу, вакцинацияның, ревакцинацияның толық курсынан өту және бустерлік дозаны алу індеттің алдын алады. Тұрғындардың белгілі пайызы екпе қабылдаса, ұжымдық иммунитетіміз қалыптасып, ауруды жеңуге мүмкіндік береді.

 

Ұқсас ақпараттар

ҚАНДЫАҒАШТА СПОРТ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

admin_mugalzhar

Димаш Құдайберген Түркияда жеке концертін өткізетінін хабарлады

admin_mugalzhar

Ел азаматтары ЖШС-ні мобильді қосымша арқылы тіркей алады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.