«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Түркістан облысында қару-жарақ алып, әскерден қашып кеткен сарбаз ұсталды

Түркістан облысында қарумен қашып кеткен сарбаз ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сарбазды ІІМ мен ҰҚК қызметкерлерінің арнайы жедел тобы ұстаған.

«1995 жылы туған әскери қызметші Абылай Балғынбай бүгін әскери бөлімнен өз еркімен кетіп, атыс қаруын ұрлаған, ол ұсталды. Қаруды ұрлау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 291-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады ІІМ өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін 20 ақпанға қараған түні кіші сержант қызметтік орнынан өз еркімен кетіп қалғаны хабарланған еді.

«Сол уақытта атыс қаруының саны азайғаны белгілі болды. Құқық қорғау органдары мен әскери полиция күшімен әскери қызметкер мен жоғалған қаруларды іздеу және ұстау бойынша шұғыл шаралары жүріп жатыр», — деген еді ведомстводағылар.

Tengrinews.kz оқырмандары редакцияның WhatsApp-нөміріне жіберген мәлімет бойынша, оқиға №10216 әскери бөлімінде болған. Бұл Шымкенттен 30 шақырым жердегі Бадам ауылы.

Сол хабарламада ол өзімен бірге 30 Калашников автоматы мен 27 Макаров тапаншасын және 429 оқ-дәрі алып кеткен делінген.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда жаңа зерттеу университеті ашылады

admin_mugalzhar

Елімізде 13 шілдеден бастап грант конкурсына өтініш қабылданады

admin_mugalzhar

ОТБАСЫ БАНКІ БАСПАНА КЕЗЕГІН ЖҮРГІЗЕДІ: АУДАНДА 1583 АДАМ ҮЙ КЕЗЕГІНДЕ ТҰР

admin_mugalzhar