«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері Қазақстанда күн салқындайды. «Қазгидромет» РМК синоптиктері 14-16 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, антициклон Қазақстан аумағы арқылы жылжиды және енді оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлерде температураның төмендеуіне әкеледі.

«Оңтүстікте термометр бағандары күндіз 22…30 градусқа, оңтүстік-шығыста 17…25 градусқа, ал шығыста 15…25 градусқа дейін төмендейді. Бірақ солтүстік аймақтарда ауа райы аздап жылынады. Мұнда ауа температурасы 23…28 градусқа дейін көтеріледі. Қазақстанның батыс жартысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады. Иран аудандарынан жылы және құрғақ ауа массалары келіп, ауа температурасы 32…40 градус болады», — делінген хабарламада.

Ұқсас ақпараттар

Биыл Ораза қашан басталады?

admin_mugalzhar

Болатбек ШАҒАЛБАЕВ: CАНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТЫ САҚТАУ — АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ЖОЛЫ

admin_mugalzhar

Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.