«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

2727 КӘСІПКЕРЛІК НЫСАН ТЕКСЕРІЛДІ

БҮГІНДЕ АУДАН АУМАҒЫНДА ВИРУСТЫҢ ТАРАЛУЫ КҮШЕЙІП, ІНДЕТКЕ ШАЛДЫҚҚАНДАРДЫҢ САНЫ АРТЫП БАРАДЫ. СОЛ СЕБЕПТІ ІНДЕТТІН, АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ІРІ САУДА ОРЫНДАРЫ, БАЗАРЛАР СЕНБІ-ЖЕКСЕНБІ КҮНДЕРІ ЖҰМЫС ЖАСАМАЙДЫ. ТОЙХАНАЛАРДА МЕРЕКЕЛІК ШАРАЛАР ӨТКІЗУГЕ РҰҚСАТ ЖОҚ. АЛ БҰЛ ШЕКТЕУЛЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫН ҚАДАҒАЛАУ ҮШІН МОНИТОРИГТІК ТОПТАР ДА ӨЗ ЖҰМЫСТАРЫН ЖОСПАРЛЫ ТҮРДЕ ЖАЛҒАСТЫРУДА.

Аудан аумағында құрылған 4 мониторингтік топтың мүшелері күн сайын кәсіпкерлік нысандарды тексеріп, ескертулер беріп, әсіресе әлеуметтік арақашықтықты сақтауды айтып, бетперде киюдің маңызды екенін түсіндіруде. 2021 жыл басталғалы аталған топ мүшелері 502 рейд шараларын жүргізіп, 2727 кәсіпкерлік нысанды тексерген.

— ҚР Әкімшілік кодексінің 425 бабы бойынша 33 құқық бұзушылықтар анықталды. Оның 7-еуі полиция қызметкерлерімен, 25-і мониторингтік топ мүшелерімен бақылау кезінде орын алды. Ал жоспардан тыс тексеру кезінде 1 құқық бұзушылық тіркелді. 20 құқық бұзушылыққа айыппұл салынып, 2 333 600 теңге өндірілді, — деді аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Аман Жоныс.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

УЕФА үздік бапкер атағына үміткерлер тізімін жариялады

admin_mugalzhar

Ақтөбеде жұмысшы мамандықтардың жаңа картасы әзірленіп жатыр

admin_mugalzhar

КӨЛДЕНЕҢ ТЕМІР АУЫЛЫНА АУЫЗ СУ ҰҢҒЫМАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.