«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Әскери қойма жарылысы: Тоқаев кімдер жарақат алғанын айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысында жарылған әскери қоймаларға қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.»Жамбыл облысына Қорғаныс, Төтенше жағдайлар министрлері мен Ішкі істер министрінің орынбасары барды. Жарылысқа жақын маңдағы ауылдардың тұрғындарын көшіру туралы шешім қабылданды. Облыстық ТЖ департаменті мен әскерилерден 30 шақты қызметкер жарақат алған», — деп жазды Президент Twitter желісінде.

Оның айтуынша, өрт салдарын жою бойынша жедел штаб жұмыс істейді. Қылмыстық іс қозғалды. ТЖМ, ІІМ, ТЖМ бөлімшелері жұмылдырылды. Сондай-ақ, теміржол қатынасы уақытша тоқтатылған.

Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланғаны анықталды.

Тараз тұрғындарының айтуынша, қалада жарылыстар әлі де жалғасып жатыр. Кейін әскери қоймаларда не сақталғаны белгілі болған.

Ұқсас ақпараттар

Акиматом Актюбинской области ведется учет наличия продовольственных товаров

admin_mugalzhar

ГАЗИФИКАЦИЯ: ГОЛУБОЕ ТОПЛИВО ПРИДЕТ В ЖУРЫН

admin_mugalzhar

АҚТӨБЕДЕ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНДА «ПРОКУРОР КАБИНЕТІ» АШЫЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.