«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҮМКІНДІКТІ КЕҢЕЙТЕР ҚОЛДАУ

ЕЛІМІЗДЕ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ, ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ, ТҰРМЫС САПАСЫН ЖАҚСАРТУ МАҚСАТЫНДА 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ҰЛТТЫҚ ЖОСПАР ҚАБЫЛДАНҒАН. АТАЛҒАН ЖОСПАРДА МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДЕРБЕСТІК ЖӘНЕ САПАЛЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ, ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУ, ӘЛЕУМЕТТІК ОҢАЛТУ МЕН АБИЛИТАЦИЯНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖӘНЕ КЕШЕНДІ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК ЖӘНЕ КЕДЕРГІСІЗ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН.

Мұғалжар ауданында 1584 мүмкіндігі шектеулі адам тұрады. Оның 283-і 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар. Өткен жылы мүмкіндігі шектеулі жандарды гигиеналық және техникалық жабдықтармен, протездік-ортопедиялық көмекпен және санаторлы-курорттық сауықтыру орындарымен қамтамасыз ету үшін бюджеттен жалпы құны 149 955,5 мың теңге бөлінген. Ал осы жылдың 7 айында жеке оңалту бағдарламасына сай 400 мүмкіндігі шектеулі адамға 85 753,8 теңгеге құрал-жабдықтар берілген.

-«Е-Собес» дерекқорына 664 мүмкіндігі шектеулі тұлға тіркеліп, техникалық оңалту құралдарының 55 түріне тапсырыс берілді. Қосымша 467 техникалық оңалту құралдары алынды. Аудан бойынша 657 мүмкіндігі шектеулі тұлға электрондық-цифрлық қолтаңбамен қамтамасыз етілді. Әлеуметтік тапсырыс негізінде 10 мүмкіндігі шектеулі балаларға күндізгі жартылай стационарға республикалық бюджеттен 6401,0 мың теңге бөлінді. Бүгінде жүйелі жұмыстар жал ғасын табуда, — деді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Камшат Құрманалина.

Оның айтуынша, мүмкіндігі шектеулі жандардың қажетті орындарына барып-келуі үшін «инватакси» қызметіне жергілікті бюджеттен 3 208,7 мың теңге бөлінген. Аталған такси қызметін Қандыағаш қаласы бойынша 38 мүмкіндігі шектеулі жан пайдаланады.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстаннан Еуропаға визалық режим жеңілдеуі мүмкін

admin_mugalzhar

ІЗТАЙ МӘМБЕТОВТЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ НАСИХАТТАЛДЫ

admin_mugalzhar

ПЬЯНЫЙ ЗА РУЛЕМ — ПРЕСТУПНИК

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.