«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жаңартылған «Әліппенің» ерекшелігі неде?

Жаңа оқу жылынан бастап 1 сыныпқа баратын балалар QR коды бар «Әліппені» оқиды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Соңғы бес жылда 1 сынып оқушылары әріптер әлемімен танысуды «Сауат ашу»  оқулығы арқылы бастаған болатын.
«Қазіргі «Әліппенің» бұрынғыға қарағанда маңызды артықшылығы бар — кітапты оқу әлдеқайда жеңіл болды. Сонымен қатар қазір оқулықта қазақстандық құндылықтар белсенді түрде насихатталған. Оқулықтың тағы бір ерекшелігі QR кодтарын қолдану болады: бала смартфонды оқулыққа көрсете алады, содан кейін тапсырманы ести алады және оқулықтағы суреттен кейіпкерлердің қозғалысын көреді, бұл оқушыға жазуды немесе оқуды білмесе де тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді», деді «Оқулық» республикалық ғылыми -практикалық орталығының директоры Елдос Нұрланов.
Жаңартылған «Әліппе» қазақ ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлының 1912 жылы жазған кітабы негізінде жасалған.

Ұқсас ақпараттар

Үкімет міндетті вакцина алуы тиіс сала өкілдерін атады

admin_mugalzhar

Қазақстанда тағы бір өңір «қызыл» аймаққа өтті

admin_mugalzhar

34 990 МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ЕКПЕ САЛДЫРДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.