«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жамбыл облысындағы жарылыс: қаза тапқан құтқарушылардың есімі аталды

Жамбыл облысындағы жарылыстан кейін қаза тапқан құтқарушылардың есімі аталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін жарылыстан қаза болғандар саны 13-ке жеткені хабарланған болатын. Олардың ішінде құтқарушылар да бар.

1. Темірболатов Арнұр Серікұлы — Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Тараз қ. 3-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушы;

2. Сандыбаев Елдос Қадырбайұлы — Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Тараз қ. 3 – ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушы;

3. Микропуло Александр Николаевич — Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі; өрт сөндіру басшысының орынбасары;

4. Төребеков Тәңіберген Кұдайбергенұлы — Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Тараз қаласы 1 – МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушы;

5. Айманов Мейіржан Қақпосынұлы — Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары.

«Сондай-ақ, үш адамның денесінің жеке бас мағлұматтары анықталып жатыр. Жоғалған үш адам іздестірілу үстінде», — деді ТЖМ өкілдері.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЗАҚСТАНДА НЕКЕНІ ТІРКЕУГЕ ӨТІНІШ БЕРУ МЕРЗІМІ ҚЫСҚАРМАҚ

admin_mugalzhar

Биыл елдегі колледждерге 31 мың грант бөлінеді

admin_mugalzhar

Нұрбол ИБРАЕВ, Қ.Жұбанов атындағы ЖББОМ-нің директоры, ақын: ЖЕРЛЕСТЕР АТЫНАН СӨЗ СӨЙЛЕДІМ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.