«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болатыны айтылды

Қазақстанда күн салқындай. «Қазгидромет» РМК синоптиктері 11-13 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжаға сәйкес, апта соңында ел аумағының басым бөлігі, әлі де циклон ықпалында болады. Солайша елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында, шығысында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында екпінді жел соғып, оңтүстік-шығысында және шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

12 қыркүйектен бастап Қазақстан аумағына Мәскеу аудандарынан суық антициклон ауысады. Ол негізінен жауын-шашынсыз ауа райы мен түнде ауа температурасының батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталық пен шығыста минус мәндерге дейін төмендеуіне әкеледі.

«Республиканың батысында ауа температурасы түнде 1 градус аяз, күндіз 15-27-ден 20-30 градусқа дейін жылы, солтүстік-батыста ауа температурасы түнде 3-13 градустан 3-10 градус жылыға дейін, күндіз негізгі фон 12-23 градус жылы, солтүстікте және орталықта ауа температурасының төмендеуі түнде 3-13 градус жылы, 3 градус аяздан – 5 градус жылыға дейін, күндіз негізгі фон 10-20 градус жылы, шығыста 5-13 градус жылыдан 1 градус аяз – 10 градус жылыға дейін, күндіз 17-25 градус, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде 4-15, күндіз 19-28 градус жылы болады», — делінген хабарламада.

Ұқсас ақпараттар

РЕФЕРЕНДУМ: МҰҒАЛЖАРЛЫҚТАР ДАУЫС БЕРУДЕ

admin_mugalzhar

ӘКЕНІҢ БАЛАҒА БЕРЕР ҮЛКЕН СЫЙЫ – ЖАҚСЫ ТӘРБИЕ

admin_mugalzhar

Елімізде Республика күні қарсаңында қосымша пойыздар қатынайды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.