«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАНДА 586 АДАМ АӘК АЛАДЫ

ОСЫ ЖЫЛДЫҢ 3 АУДАНДА 586 АДАМАӘК АЛАДЫ ТОҚСАНЫНДА АУДАН АУМАҒЫНДАҒЫ КЕДЕЙЛІК ШЕГІ — 35 595 ТЕҢГЕ, КҮНКӨРІС ДЕҢГЕЙІ 50 760 ТЕҢГЕ ҚҰРАҒАН. БҰЛ ТУРАЛЫ МАНСАП ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНДАРЫ АЙТТЫ.
Олардың берген мәліметіне сүйенсек, осы жылдың сәуір, мамыр, маусым айларында аудан бойынша атаулы әлеуметтік көмекті 119 отбасында 586 адам алған. Оның ішінде шартты ақшалай көмек 74 отбасыға, шартсыз ақшалай көмек 45 отбасыға тағайындалған.
Атаулы әлеуметтік көмектің негізгі мақсаты — ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару, — деді Мансап орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесшісі Жанар Имағамбетова.
А.МАНАСБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

admin_mugalzhar

26-27 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының XXХІI сессиясы өтеді

admin_mugalzhar

Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды

admin_mugalzhar