«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда 2025 жылға қарай жол сапасы жақсарады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев 2025 жылға қарай Қазақстанда жол сапасы жақсаратынын мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистер онлайн-брифингте вице-министрден елімізде сапасы жақсы жолдар қашан салынатынын сұрады.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2025 жылға дейін республикалық жолдарды 100 пайыз нормативтік жағдайға келтіруіміз керек…» — деді Камалиев.

БАҚ өкілдері вице-министрдің сөзін бөліп, «дәріс оқымауын» сұрады.

«Бұл дәріс емес, БАҚ-қа бар ақпаратты жеткізу. Өздеріңіз білесіздер, біз әлемде тоғызыншы орында тұрмыз. Менің айтайын дегенім, бізде ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғанда жолдар жаман емес. Басқа елдерде жолдарды қарап жүреміз. Бүгінде Ресей Федерациясына дейін салынған автобандар, бетон жолдар бар. Бетон жолдар 2006 жылы салына бастады. Бүгінде Астана-Бурабай жолы қызмет етеді. Басқа жолдар да жаман емес. Бірақ егер сандар сіздерді қызықтырмаса, 2025 жылға қарай республикалық және жергілікті жолдарды «сапасы жақсы» деп айта алатын жағдайға келтіреміз», — деп жауап берді Камалиев.

Ұқсас ақпараттар

Президентке «Самұрық-Қазынаны» инвестициялық холдингке айналдыру тұжырымдамасы ұсынылды

admin_mugalzhar

Мемлекеттік қызметшілерге арналған кәсіби өзін-өзі дамыту орталығы ашылды

admin_mugalzhar

ГАЗИФИКАЦИЯ: ГОЛУБОЕ ТОПЛИВО ПРИДЕТ В ЖУРЫН

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.