«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУДА

Жыл басынан бері дүкен сөрелеріндегі азық-түліктің бағасы біршама шарықтап, қарапайым халықтың қалтасына ауыр соққаны рас. Әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру мақсатында аудандық кәсіпкерлік бөлімінің мамандары аптасына бір рет азық-түлік дүкендеріне мониторинг жүргізіп отырады.

Аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Дархан Убайтжанов қымбатшылықты болдырмау үшін қалалық және ауылдық округтердің әкімдері арқылы аудан бойынша 93 дүкен иелерімен меморандумға отырғанын айтады. Мониторингтік топ мүшелері әлеуметтік маңызы бар негізгі азықтүлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін апта сайын азық-түлік дүкендеріне барып, мониторинг жүргізіп, негізгі азықтүлік тауарларының бағасын бақылап, салыстырмалы талдау жасап отырады.

— Қандыағаш қаласындағы «Mango», «Дана+», «Дина супермаркеті», «Айгерім», «Ырыс» азық-түлік дүкендеріндегі 19 түрлі әлеуметтік тауардың бағасын аудан әкімінің өкімімен бекітілген тізімге сәйкес қадағалап отырамыз. Сонымен қатар сенбі-жексенбі күндері ауданда баға тұрақтандыру мақсатында жәрмеңке ұйымдастырамыз. Тауар бағасының көтеріліп, шектік деңгейден асқан жағдайлары тіркелсе, облыстық басқармаға хат жазамыз, — деді аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Дархан Убайтжанов.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбеде саудагерлер орталық базарды ашуды талап етті

admin_mugalzhar

ҮЙІРМЕГЕ ҮЙІР БОЛ!

admin_mugalzhar

Париж Олимпиадасындағы алғашқы алтын жүлде!

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.