«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы филиалында ашық есік күні өтті. Аудан кәсіпкерлері Мұғалжар ауданы прокурорының орынбасары Е.Ереновке, Қандыағаш көлік прокурорының орынбасары А.Сағындықовқа, аудандық кәсіпкерлер Кеңесінің төрағасы Н.Сарбасовқа, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының директоры Бернияз Длимовке өздерін тол-ғандырған сұрақтарын жолдап, өзекті мәселелерін айтты.

Билік пен бизнес өкілдері кәсіпкерліктің дамуына кедергі кетіретін бірқатар мәселелерді талқылап, ұзақ уақыт шешімін таппай жүрген іскер азаматтардың мәселелері қаралды. Мәселен, бір кәсіпкер көптен бері жерге қол жеткізе алмай жүрсе, енді бірі кәсібінің жүруіне кедергілердің бар екенің, оның ішінде несие мәселесі болғанын жеткізді.

Кездесу соңында билік басындағылар мәселелерін шешіп беруге ықпал жасайтынын жеткізді.

«МҰҒАЛЖАР-АҚПАРАТ»

Ұқсас ақпараттар

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

admin_mugalzhar

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

admin_mugalzhar

ЖАС САРБАЗДАР ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ

admin_mugalzhar