«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАС САРБАЗДАР ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ

Ақтөбе қаласында Мұғалжар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің ұйымдастыруымен әскерге шақырылушы жас сарбаздарды әскерге шығарып салу іс-шарасы өтті.

Іс-шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Бекболат Құлмағамбетов құттықтау сөз сөйлеп жастарды елінің патриоты болуға үндеді. Әскерге шақырылушыларға сәт сапар тіледі. Сонымен қатар іс-шараға аудандық қорғаныс істері бөлімінің бастығы Азамат Байдосов, ауған соғысының ардагері Роман Тасқынбаев қатысты.

Мұғалжар ауданынан 10 сарбаз ҰҚК шекара қызметіне Отан алдындағы борышын өтеуге жіберілді.
Ата-аналар да жастарды жігерлендіріп, ақ тілектерін біллірді. Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары өздерінің арнайы дайындаған музыкалық бағдарламасын ұсынды.

Күзгі әскерге шақыру науқаны бойынша аудан бойынша 85 болашақ сарбаздарды әскерге жіберу жоспарлануда.

Ұқсас ақпараттар

Президенттік республика моделінің айқындалуы

admin_mugalzhar

Мемлекеттік күзет қызметі сапында мерзімді әскери қызмет өтеуге іріктеу басталады

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ КӨП БАЛАЛЫ ҰСТАЗ — АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

admin_mugalzhar