«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«САРЫАРҚА САМАЛЫНАН» ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Өткен апта соңында, Қазақстанның кеншілер астанасы Қарағандыда, Кеншілер мәдениет сарайының сахнасында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орайластырылған «Сарыарқа самалы» бард музыкасының республикалық фестивалі өтті.

Шара жабық форматта, көрерменсіз өтті. Қатысушылардың арасында Алматы, Шымкент, Өскемен, Ақтөбе, Көкшетау, Жезқазған және Павлодар қалаларынан шақырылған қонақтар бар. Бағдарламада барлығы 40 автор-орындаушы жарияланған. Шақырылған қонақтар «Ясная сказка» демалыс аймағына орналастырылды.

Бұл фестивальге Мұғалжар ауданынан жергілікті әуесқой сазгер-әнші Эрнст Исмағамбетов қатысып, жүлделі 1-орын иеленді. Жеңімпаз арнайы диплом, ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Ұқсас ақпараттар

Әлем елдерінің музыканттары Ахмет Жұбановтың туған күні қарсаңында бас қосты

admin_mugalzhar

ҚОҒАМ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІПТІ ҚОЛДАЙДЫ

admin_mugalzhar

Названа страна, которая может первой победить COVID-19

admin_mugalzhar