Соңғы күндері ауданның эпидемиялогиялық ахуалы тұрақталып келеді. Өткен аптаның көрсеткіші бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны — 27 адам. Ал вирусты пневмонияға 5 адам шалдыққан. Үй карантинінде қоңырау шалу арқылы 276 адам бақылауда отыр.
2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Мұғалжар ауданы бойынша коронавирусты инфекцияның 1499 жағдайы тіркелді. Бүгінде Мұғалжар ауданы бойынша инфекциялық бөлімдерде коронавирусты инфекциясы диагнозымен 16 науқас, коронавирусты пневмония диагнозымен 4 науқас ем қабылдап жатыр. Осы жылы қауіпті індеттің қармағына іліккен 20 адам көз жұмды.