«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ОБЛЫС ӘКІМІ ГАЗОБЛОК ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТҚА БАРДЫ

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Қандыағаш қаласында орналасқан «Неохим» компаниясына қарайтын газоблок шығаратын зауытқа барды.
Жаңадан ашылған зауыт жоғары сапалы газоблок өнімдерін шығарады. Кәсіпорынның филиалдары Нұр-Сұлтан, Ақтөбе және Алға қалаларында жұмыс істейді.

«Неохим» компаниясының бас директоры Александр Вавилов баяндағандай Қандыағаш қаласынан ашылған зауытта шыға­рылатын газоблоктары экологиялық таза материал. Олар­дың құра­мында химиялық зиянды заттар жоқ, құрылыстың пайдалану мерзімін ұзарту үшін қандай да улы құраммен өңдеуді қажет етпейді. Экоблоктар эко­лог­тардың құрылыс материалдарына белгіленген барлық талаптары­на сай келеді.
Бүгінде Қандыағаш қаласындағы газоблок шыға­ратын зауытының өнімдері тұ­тыну­шылардың сұранысына ие болып отыр.

Жаңадан ашылған зауытта аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы 30 мұғалжарлық азаматтар еңбек етуде.
Бұл жобаны отандық инвестор жүзеге асыруда және Ақтөбе облысының индустрияландыру картасына енген кәсіпорын.
Кәсіпорынның жұмысымен танысқан облыс басшысы олардың жұмыстарына сәттілік тіледі.

Ұқсас ақпараттар

ВАШИ ПОДВИГИ В ПЕСНЯХ ВОСПЕТЫ

admin_mugalzhar

МАҚСАТ — ҚОРҒАНЫС ІСТЕР ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУ

admin_mugalzhar

Чтобы все проблемы были решаемы, а дела раскрываемы

admin_mugalzhar