«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАНДЫАҒАШТА СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНУДА

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Қандыағаш қаласында салынып жатқан дене шынықтыру- сауықтыру кешенінің жұмысын көрді.
Спорт нысанында шағын футбол, баскетбол, волейбол, күрес, жаттығу залдары мен жүзуге арналған бассейн қарастырылған. Дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жұмыстары 2020 жылы басталып, алдағы уақытта аяқталады. Құрылыс жұмыстарын ПК «Ерзат» компаниясы жүргізуде.

Аудан әкімі А.Шериязданов баяндағандай жаңадан салынған спорт кешені іске қосылған кезде Ақтөбе облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп, Қандыағаш қаласының қарқынды өсуіне орай қалаға 2-ші спорт мектебі қажеттілігі туындауына байланысты бұл спорт кешенін жаңа штаттық бірліктермен қамтамасыз етіп, өз алдына жаңа спорт мектебі ретінде ашу мәселесі талқылануда.

Ұқсас ақпараттар

Мүлік және жер салығын 1 қазанға дейін төлеу керек

admin_mugalzhar

Мәскеу Ким Чен Ынды Екінші дүниежүзілік соғыстың 75 жылдығы медалімен марапаттады

admin_mugalzhar

64 млрд KZT уплатили актюбинские участники «ДКБ-2020» за 10 лет

admin_mugalzhar