«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕРІКТІЛЕР ТЕГІН КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Бүгін ауданымызға облыстық мәслихат депутаты Ә.Зелетдинова бастаған «Демеу» әлеуметтік волонтерлік жобасын жүзеге асыру мақсатында облыс орталығынан бір топ білікті мамандар келді. Оның ішінде психолог, заңгерлер мен дәрігерлер де бар. Алдымен аудан әкімінің орынбасары Ғалым Қобландин әлеуметтік топты тұрғындарға таныстырып өтті.
Жобаның мақсаты — ауылдық аймақтардың тұрғындарына білікті, қолжетімді және тегін құқықтық, психологиялық және медициналық көмек көрсету. Ауыл халқының құқықтық және медициналық көмекке қолжетімділігін арттыру.
Мамандар ауданға қарасты ауыл-аймақтарды аралап, тұрғындарға қолайлы жағдай жасап, олардың көкейінде жүрген өзекті мәселелеріне қатысты кеңес берді. Шешілмеген мәселелерді облыс деңгейінде көтеріп, шешімін табуға атсалысатындарын айтты. Аудан тұрғындары арнайы сауалнама толтырып, жеке кеңес алды. Аталмыш топ біздің ауданға дейін Ойыл, Байғанин, Қобда аудандарында болған.

Ұқсас ақпараттар

КЕСТЕ ТІККЕН КЕЛІНШЕК

admin_mugalzhar

Грузияда қарашаға дейін әуе қатынасы жанданбайды

admin_mugalzhar

1991 жылдан бері қанша этникалық қазақ атажұртқа оралғаны белгілі болды

admin_mugalzhar