«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚОЖАСАЙҒА СУ ТАРТЫЛАДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға дейін елді мекендерді толығымен ауыз сумен қамту туралы нақты тапсырма берген болатын. осыған орай биылғы жылы аудан аумағындағы елді мекендердің көпшілігіне ауызсу тартылып, халық игілігіне берілуде. Соның бірі — Қожасай ауылы.

Батпақкөл ауылдық округіне қарасты Қожасай ауылына ауыз су құбырын тарту жұмыстары басталды. 51 үйі, 316 тұрғыны бар Қожасай ауылын ауыз сумен қамту жұмыстарын «СМУ Шығыс» ЖШС-і жүргізуде. Құрылыс жұмыстарына бюджеттен 130 млн теңге бөлінген. Су ұңғымалары ауыл маңынан 850 метр жерден тартылады. Бүгінде арнайы техникалармен құбыр салынатын жер қазылуда. Ауыспалы кезеңмен жүргізілетін құрылыс жұмыстары 2022 жылы аяқталып, халық игілігіне берілетін болады.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

2022 жылдың шілде айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

admin_mugalzhar

Су тасқыны орын алған кезден бастап 45 мыңға жуық бала эвакуацияланды

admin_mugalzhar

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

admin_mugalzhar