«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БИЗНЕС БАСТАУ ЖОЛДАРЫН ТҮСІНДІРДІ

Мұғалжар аудандық ішкі саясат бөлімінің Жастар арасындағы дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталықтың ұйымдастыруымен Қандыағаш қаласындағы дін ұстанған діндар азаматтарға «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы және «Бастау бизнес» жобасын жүзеге асыру мәселелерін түсіндіру мақсатында семинар — тренинг өткізілді.

Семинар-тренингке «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Бернияз Длимов, аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің сектор меңгерушісі Дархан Убайтжанов, аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандары Жайнагүл Аманбаева мен Назерке Тегисова, аудандық 1 пробация бөлімінің қызметкері қатысты. Семинар-тренингтің мақсаты — кәсіп ашуға ниеттеніп, талаптанғандарға кәсіп ашуға, бизнес-жоспар құруға бағыт, кеңес беру болды.

Семинар-тренингте сөз алған «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Бернияз Длимов кәсіп бастаушыларға мемлекет тарапынан қолдаулардың көрсетіліп жатқанын жеткізіп, мүмкіндіктерді пайдалануға шақырды.
Шара барысында дін ұстанған діндар азаматтар өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарын жолдап, нақты жауаптарын алды.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбеде шектеу ережесін бұзған түнгі клуб анықталды

admin_mugalzhar

ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ 30 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТТІ

admin_mugalzhar

Оппозиция Абхазия президенті әкімшілігін басып кірді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.