«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҮГЕДЕКТЕР ҚОҒАМЫ МҮМКІНДІККЕ ЖОЛ АШАДЫ

БРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ БАС АССАМБЛЕЯСЫ 1992 ЖЫЛЫ 3-ШІ ЖЕЛТОҚСАНДЫ «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТЕР КҮНІ» ДЕП ЖАРИЯЛАДЫ. БҰЛ АТАУЛЫ КҮННІҢ БАСТЫ МАҚСАТЫМҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН САҚТАУ, ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУҒА АЙРЫҚША НАЗАР АУДАРУ. БҮГІНГІ ТАҢДА АУДАНДА 1584 МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАН БАР. ОНЫҢ 135-І I ТОП, 557-СІ II ТОП, 609-Ы III ТОП МҮГЕДЕКТЕРІ. АЛ 16 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ МҮГЕДЕК БАЛАЛАРДЫҢ САНЫ 283-ДІ ҚҰРАЙДЫ. ОСЫНДАЙ ТАҒДЫР САЛҒАН ТАУҚЫМЕТТІ КӨТЕРІП ЖҮРГЕН МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕЛГЕН ЖАНДАРДЫҢ БАСЫН ҚОСЫП, ҚОРШАҒАН ОРТАМЕН ТОЛЫҚҚАНДЫ АРАЛАСУЛАРЫНА КӨМЕК БЕРЕТІН АУДАНДЫҚ ЕРІКТІ МҮГЕДЕКТЕР ҚОҒАМЫ ТУРАЛЫ КӨПТІҢ БІРІ БІЛСЕ, БІРІ БІЛЕ БЕРМЕЙДІ. ОСЫ ОРАЙДА, АТАУЛЫ КҮН ҚАРСАҢЫНДА АТҚАРЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ БІЛМЕК МАҚСАТЫНДА «АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ЕРІКТІ МҮГЕДЕКТЕР ҚОҒАМЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ МҰҒАЛЖАР АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ ЖАНАР ЕШБАЕВАНЫ СӨЗГЕ ТАРТТЫҚ.

Бұл қоғамның мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамнан ажырап, тасада қалмауы үшін, яғни, олардың қоршаған ортамен толыққанды араласуына мүмкіндік жасау екен. Ендеше, әңгімені қоғамның құрылған күні мен жұмысынан бастасақ?..


Әрбір жан тағылымды тірлік жасап, баянды өмір сүргені абзал. Оқыс жағдайдан мүгедектікке душар болған немесе туғаннан кемтар жаралған жандардың да көкірегінде бұл өмірге деген құлшыныс сезімдері зор болатыны айқын. Біздің мақсатымызосы адамдардың өз ортасын қалыптастырып, қоғаммен тығыз қатынас жасауына мүмкіндік туғызып, олардың мұңмұқтажын қажетті жерге жеткізу. Аудандық еріктілер қоғамы 2011 жылы құрылды. Бұл қоғамның ашылуына мұрындық болған Серік Еңсепов болатын. Ол кісі Ерікті мүгедектер қоғамының алғашқы басшысы қызметін атқарды. Кейін төрағалық қызметті Дулат Утеев, Ерболат Есмұханов, Айдын Алдабергеновтер атқарды. Мен 2021 жылдың ақпан айынан бастап қоғамның төрайымы қызметін атқарып келемін. Бүгінгі таңда Ерікті Мүгедектер қоғамы 7 адамды жұмыспен қамтып отыр. Олардың 4-еуін қоғамдық ақылы жұмыс орны арқылы жұмысқа қабылдасақ, 2-еуі мемлекеттік «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы арқылы жұмыс жасауда. Қоғамға мүшелікке кіргісі келетін кез келген адамды ерікті ретінде қабылдай береміз. Біздіңқоғамға сырттан ешқандай көмек көрсетілмейді, бюджеттен қаржы бөлінбейді. Сол себепті де біз мүмкіндігінше жұмыс жасауға қабілетті мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастыруға жағдай жасаймыз. Оларға қоғам атынан ешқандай айлық төленбейді.

Өз сөзіңізде қоғамның мүшелігіндегі мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыруға көмектесетініңізді айтып қалдыңыз. Ал мүмкіндігі шектеулі жастарды қайта оқытуға, арнайы курстарға жіберуге қандай мүмкіндік жасайсыздар?

Аудандық жұмыспен қамту орталығы немесе «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы түрлі оқуларға қабылдау жүріп жатса, бізге хабар береді. Біз сол мүмкіндікті қалт жібермей, мүмкіндігі шектеулі жандардың барлығына хабар беріп, қызығушылық танытқан жандарды міндетті түрде курсқа жіберіп отырамыз. Сонымен бірге 9-11сынып бітірген мүгедектігі бар жасөспірімдер әр аймақтағы тегін оқу орындарына жолдама ала алады. Олардың жататын орны, күнделікті тамақтары, жолпұлдарының барлығы тегін болады. Сонымен бірге шәкіртақы алып отырады.


10 жылға тарта тарихы бар Ерікті мүгедектер қоғамы биыл қандай жұмыстар атқарды? Толығырақ айтып өтсеңіз?
Биылғы жылы қоғам мүшелеріне мүшелік билеті таратылды. Билет арқылы қоғам мүшелері шаштараз, монша, денсаулық жағдайына байланысты түрлі жеңілдіктерді пайдалана алады. Сонымен бірге қоғамдық орындарға тегін немесе жеңілдікпен кіреді. Атаулы мерекелерге акциялар мен қайырымдылық кештері ұйымдастырылды. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасыларға әлеуметтік акция, мұқтаж жандарға ай сайын тегін киім таратып отырамыз. Қоғам ішінен мүмкіндігі шектеулі жандар тігін цехын ашып, матрацтар тігіп, қосымша қаржы тауып отыр.

Қазақ халқында «Армансыз адамқанатыз құспен тең» деген нақыл бар. Осы орайда физикалық тұрғыда мүмкіндігі шектелсе де, жігері жасымаған мүмкіндігі шектеулі жандардың арманы да асқақ болары анық. Осындай рухы биік жандардан құрылған қоғамның да болашаққа жасаған жоспары бар болар?

Әрине арманымыз да, мақсатымыз да биік. Бірінші мақсатымызоблыстық филиалдан шығып, өз алдымызға қоғам болсақ дейміз. Осы мақсатта қарқынды жұмыстар атқарудамыз. Филиалдан не үшін шыққыңыз келеді десеңіз, біздің осыған дейінгі жұмыстарымыздың арқасында кішкене де болсын қоғамға жиналған қаражатымыздың барлығы облысқа кетіп жатыр. Ал біз «Мұғалжар аудандық Ерікті мүгедектер қоғамы» болғымыз келеді. Еріктілер санын көбейтуді жоспарлап отырмыз. Өткен жылдары бізге көмекке келетін еріктілер тобы көп болатын. Бүгінде тарап кетті десек те болады. Аз ғана еріктілерімен барынша мұқтаж жандарға көмек қолын созудамыз. Еріктілер мүмкіндігі шектеулі жандардың ауласын қардан тазалап, үй шаруаларына қолғабыс етеді. Арнайы дүкендерге орнатылған қайырымдылық жәшіктерін ай сайын арнайы комиссия құрамымен барып шешіп аламыз. Жиналған қаражатты мүмкіндігі шектеулі жандардың жоқжітігіне, керекжарақтарына жұмсаймыз. Көбіне азықтүлік алып береміз. Біздің қоғамның тағы бір мәселесіол басқа мекемеге көшу. Себебі қазіргі мекемеміз өте қолайсыз, өйткені мүмкіндігі шектеулі жандарға 3- қабатқа мініптүсу қиындық тудырады. Қоғам жанынан шахмат, кітап оқу бөлмелерін ашуды да жоспарлап отырмыз.
Әңгімеңізге рақмет!
Айгерім ДАРХАНҚЫЗЫ.

 

 

Ұқсас ақпараттар

Ақылы жол жобасына 25 млрд теңге бөлінді

admin_mugalzhar

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз бірінші сессиясын шақыру туралы

admin_mugalzhar

САҒАШИЛІКТЕР ДЕ ТАҢДАУ ЖАСАУҒА БАРДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.