«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

eGov Mobile қосымшасында тағы бір жаңа қызмет қолжетімді болды

Енді шетелдік дипломдарды тану eGov Mobile қосымшасында қолжетімді, деп хабарлады turkystan.kz.сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

«ҰАТ» АҚ-ның 2025 жылғы 10 сәуірдегі мәліметіне сүйенсек, eGov Mobile қосымшасында шетелде алынған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломдарды тану қызметі қолжетімді.

«Қызмет шетелдік жоғары оқу орындарының түлектеріне Қазақстанда жұмысқа орналасу немесе оқуын жалғастыру үшін дипломын ресми түрде растауға мүмкіндік береді»,- делінген ақпаратта.

Бұрын бұл процесс жеке өтініш пен қағаз құжаттарды жинауды талап ететін, ал бүгінде қызмет онлайн режимде қолжетімді. Бұл өтінімді қарау мерзімін қысқартады және қызметті пайдаланушыларға ыңғайлы етеді.

Қызметті пайдалану үшін:

  • eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өтіңіз;
  • «Қызметтер» бөліміне өтіңіз, «Білім» — «Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану» қызметін таңдаңыз;
  • өтінімді толтырыңыз, қажетті құжаттарды жүктеңіз және төлем жасаңыз;
  • өтінімге қол қойыңыз.

«Қызмет нәтижесінде пайдаланушы дипломды тану туралы электрондық құжатты немесе заңда көрсетілген негіздер бойынша дәлелді жауап алады», – «ҰАТ» АҚ хабарламасында.

Ұқсас ақпараттар

ГАЗ БЕРУ УАҚЫТША ШЕКТЕЛЕДІ

admin_mugalzhar

«Таза Қазақстан» бастамасы бойынша жыл басынан бергі негізгі нәтижелер

admin_mugalzhar

ЕЛАМАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.