«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

№315 ТЕМІРЖОЛ РАЗЪЕЗДІНЕ ГАЗ БЕРІЛДІ

Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалин жұмыс сапарымен Мұғалжар ауданында болды.
Жұмыс сапары барысында облыс басшысының өткен жылдары берілген тапсырмаларының орындалу барысына есеп берілді.
Осы орайда 2019 жылы қазан айында Еңбек ауылдық округіне қарасты Басшилі ауылын газдандыруға қатысқан облыс әкімі Оңдасын Оразалин сол кезде тұрғындардың өтініші бойынша №315 теміржол разъездіне газ тарту бойынша тапсырма берген болатын. Осы тапсырмаға сәйкес 2020 жылы Ақтөбе облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы жобалық-сметалық құжаттар дайындап, сараптамадан өткізді. 2021 жылы ауылды газдандыруға тиісті қаражат бөлініп, газ тарту жұмыстары сапалы әрі уақытылы аяқталды.

Облыс басшысымен кездескен ауыл тұрғындары көгілдір отынның белгілеген уақтында ауылға келуіне қолдау көрсеткені үшін ризашылықтарын жеткізді.
Еңбек ардагері Мақсат Нұрышев ауыл тұрғындары атынан облыс басшысына елдің өтінішін ескеріп, газ мәселесін шешіп бергеніне алғысын білдірді.
Бұдан кейін облыс әкімі разъезд тұрғыны, теміржол саласының еңбек ардагері Қадиша Нәшеннің үйіне кіріп қуаныштарымен құттықтады.

Ұқсас ақпараттар

Более 10 тысяч дорожных знаков установят на казахстанских дорогах

admin_mugalzhar

Облыс әкімінің білім гранттарының иегерлері анықталды

admin_mugalzhar

ПОЖАР В ЧАСТНОМ СЕКТОРЕ ЭМБЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.