«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БАСШИЛІ АУЫЛЫНА ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЗ СУ КЕЛЕДІ

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында 164 үйі, 894 тұрғыны бар Басшилі ауылы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Ауданға жұмыс сапарымен келген Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин облысымыздың әрбір елді мекенін сапалы ауыз сумен қамтуға ерекше көңіл бөлініп отырғандығын және ел игілігі үшін мұндай шаралардың әлі де жалғаса беретіндігін жеткізді.

Ұзындығы 12,5 шақырым болатын ауылішілік су құбырын тарту жұмыстарын «Монолит» ЖШС-і жүргізуде. Облыс әкіміне Мұғалжар аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Талғат Қойшекенов аудан бойынша келесі жылы көгілдір отын мен орталықтандыралған ауыз су тартылатын жобаларды баяндап, есеп берді.

Ұқсас ақпараттар

Дені сау ұрпақ – ана денсаулығынан

admin_mugalzhar

«ИДЕЯДАН ІСКЕ» КІШІ ГРАНТТАР БЕРУ БАЙҚАУЫ

admin_mugalzhar

ЖҰМЫСШЫЛАР МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

admin_mugalzhar