«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ДЗЮДОДАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде аудандық Ауған соғысы жауынгерлерінің қоғамдық бірлестігі мен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Қ.Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орай дзюдодан 2007-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында Ауған соғысында және одан кейінгі жылдары қаза болған жауынгерлерді еске алуға арналған облыстық ашық турнир өтті.

Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Бекболат Құлмағамбетов, Қандыағаш қаласының әкімі Талғат Өтемұратов, Ауған соғысының ардагерлері және қала тұрғындары қатысты.
Турнирге Ақтөбе, Қандыағаш, Ембі қалаларының, Байғанин, Ойыл, Ырғыз, Темір, Мәртөк аудандарының командаларынан 170 жас дзюдошылар қатысты.

Турнирдің ашылу салтанатында дзюдодан жасөспірімдер арасында Ливан мемлекетінде өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері Әли Санжарға құрмет көрсетіліп, спорт мектебінің атынан және жанкүйер ағаларының атынан ақшалай сертификаттар табыс етілді.
Турнирдің қорытындысында аудан әкімінің орынбасары Ғалым Қобландин өз салмақ дәрежелерінде жеңімпаз бен жүлдегер атанғандарды медальдармен және тиісті дәрежелі дипломдармен марапаттады.

Ұқсас ақпараттар

БҰЛАҚТЫ АУЫЛЫНДА СПОРТ АЛАҢЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

Зарина РАХМЕТОВА: АУДИТОРИЯДА ОТЫРАР КҮНДІ АСЫҒА КҮТІП ЖҮРМІН

admin_mugalzhar

КЕСТЕ ТІККЕН КЕЛІНШЕК

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.