«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Ақтөбе қаласында өткен облыстық гір тасын көтеру жарысына қатысқан мұғалжарлықтар жүлделі оралды.
Аталған жарыс ересектер мен жасөспірімдер және ардагерлер арасында өтті. Жарыс нәтижесінде ардагерлер арасында 85 келі салмақта Мақсат Имжаров І орын алды.
Ал ересектер арасында 95 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен Дастан Қойымбетов І орынды, Нариман Жүндекбаев ІІ орынды, Бекзат Ерсайын ІІІ орынды жеңіп алды.
78 келі салмақта күш сынасқан Айдын Алиев ІІ орынды иеленді. Жеңімпаздарды Мақсат Имжаров жаттықтырады.
Ал жасөспірімдер арасында өткен жарыста Нұрбек Нұрғалиев жаттықтыратын Қандыағаш қалалық №4 орта мектебінің оқушылары 73 келі салмақта Айдын Алиев ІІ орынды, 53 келі салмақта Ақарыс Жангелді ІІІ орынды, 58 келі салмақта Ерсерік Қалдығали ІІІ орынды қанжығаларына байлады

Ұқсас ақпараттар

«Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Заңына сәйкес Кандыағаш қаласының әкімі лауазымына кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін газет бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы

admin_mugalzhar

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

admin_mugalzhar

Биыл әскерге 42 098 азамат шақырылады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.