«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстандағы бірқатар өңірде ТЖ режимі алып тасталады

13 қаңтардан бастап Қазақстанның бірнеше өңірінде төтенше жағдай режимі алып тасталады. Жарлық Ақорда сайтында жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы заңының 9-бабына сәйкес, мына өңірлерде төтенше жағдай режимі алып тасталады:

  • «Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 745 Жарлығымен енгізілген Солтүстік Қазақстан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 13 қаңтардағы 7 сағат 00 минуттан бастап жойылсын.
  • «Павлодар облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы №744 Жарлығымен енгізілген Павлодар облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 13 қаңтардағы 7 сағат 00 минуттан бастап жойылсын.
  • «Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 740 Жарлығымен енгізілген Батыс Қазақстан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 13 қаңтардағы 7 сағат 00 минуттан бастап жойылсын.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ұқсас ақпараттар

2030 жылға қарай еңбек нарығындағы жастар үлесі 80%-ға жетеді

admin_mugalzhar

Облыс әкімі Қандыағашта психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті үшін ғимарат бөлуді тапсырды

admin_mugalzhar

ЕКПЕ САЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

admin_mugalzhar