«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАНДЫҚ АУРУХАНАДА ЭНДОСКОПИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ

Мұғалжар аудандық орталық ауруханасына эндоскопиялық операция жасауға арналған аппарат алынды.
Жаңадан алынған лапароскопиялық аппараттың көмегімен хирургиялық, гинекологиялық, урологиялық операциялар жасауға болады.

Жалпы бұл аппарат науқастардың өмірін сақтап қалуға, жалпы дертінен тез арада жазылып кетуіне көп септігін тигізеді. Атап айтқанда лапароскопия пациенттің ішкі ағзасына ота жасау үшін тілік жасамай емдейтін хирургияның жаңа әдісі болып табылады.

Негізінен облыстағы аудандар ішінде ең алғаш болып Мұғалжар ауданында 2003 жылы осы үлгіде оталар жасалынып басталды. Бүгінгі күні де бұл аппараттың мүмкіндігі көбейіп, сапалығы артқан кезде аудандық ауруханада 1 жылдық ота көлемі Ақтөбе қаласындағы облыстық ауруханалардан кейін аудандар арасында алдыңғы қатарда.
Осы орайда, осы заманауи аппараттың мүмкіндігін тиімді пайдалану мақсатында, өзіміздің ауданда хирургиялық, гинекологиялық, урологиялық операцияларды сапалы жасау үшін Мұғалжар аудандық орталық ауруханасының 2 хирург дәрігері бірі Түркия мемлекетіне, екіншісі Ресей Федерациясына барып білімдерін жетілдіріп келді.
Жалпы аудандық аурухананың материалдық базасын жаңартуға мемлекет тарапынан үнемі қолдау көрсетіліп, жаңа құрал-жабдықтармен қамтасыз етіліп келеді.

Ұқсас ақпараттар

Былтыр ақтөбелік кәсіпкерлер 680 млрд теңгенің өнімін өндірді

admin_mugalzhar

184 мектеп қашықтан білім беріп жатыр

admin_mugalzhar

ЖАҒАБҰЛАҚТА ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.